Қазақстанда небәрі 108 300 киік қалған - АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті сәуір-мамыр айларында өткен киік санағының қорытындысын жария етті. Әуе есептің қорытындысына сүйенсек, Қазақстанда 108 300 киік тіркелген екен.