Мұхтар Мағауин: «Туылған» сөзі жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында көрнекті жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996) Мұхтар Мағауиннің «Туылған мен өлінген» деген мақаласын қазақстандық БАҚ жарыса жариялады. Мұнда қазіргі сөз мәдениеті мен тілдік қолданыстың өзекті мәселелері айтылған. Соның ішінде көпке дейін айтылып, жазылып жүрген «туған күн» мен «туылған күннің» де ара жігін ажырата кеткен. Олай болса мақаланың осы бір тұсын оқырмандар назарына ұсына кетуді жөн санап отырмыз.