Лаңкестер қолынан қаза тапқан арыстарды батысқазақстандықтар да аза тұтуда (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай батысқазақстандық тұрғындар ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің алдында Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік әрекет кезінде қаза болған ерлердің суреттері мен қалампыр гүл шоқтарын қойды.