ҰҚК Шекара қызметі офицерлерінің алғашқы тобы Ауғанстандағы миссиясын аяқтады
Қазақстандық шекарашылар мінген ұшақ 8 маусым күні сағат 21:00 шамасында Алматыға қонды. Аэродром алаңында шекарашы-офицерлердің алғашқы тобын Шекара қызметінің басшылары ғана емес, қызметтестері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қарсы алды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспсөз қызметі.