Алматыда жыл соңына дейін 100-ден астам ШОБ нысандары ашылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2016 жылдың соңына дейін сауда, қызмет көрсету, коммерциялық жылжымайтын мүлік және әлеуметтік салалардың 100-ден астам нысандары пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мысалы, таяуда Медеу ауданында «Манана» мейрамханасы ашылды. Оған жұмсалған инвестиция көлемі 700 миллиондай теңгені құрады. Ең бастысы, бұл нысанда тұрақты негізде 50 жаңа жұмыс орны ашылды.