Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Парламентте заң жобасын әзірлеуге қатысу мүмкіндіктеріне ие болады - Б. Сағынтаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Парламентте заң жобасын әзірлеуге қатысу мүмкіндіктеріне ие болады. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.