ШҚО-да хоккейшінің зайыбын өлтірген адам өмірінің соңына дейін түрмеде отырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта судья Раушан Игішева хоккейші Евгений Фадеевтің зайыбы - Мария Фадееваны өлтіруде күдікті деп танылған адамдарға үкім шығарды. Қылмыскерлердің бірі өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын алса, екіншісі 16 жылға сотталды, деп хабарлайды YK-news.kz.