Омбыда қазақ қызы «MISS ASIA-2016» жеңімпазы атанды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы мемлекеттік қызмет көрсету институтының акт залында «Мисс Азия-2016» конкурсының шешуші сыны өтті. Әрбір қатысушы өзіне жүктелген міндетті тамаша атқарып шықты, солайша өз мемлекеттерінің намысын абыроймен қорғады. Алайда олардың ішінен қазақстандық Айза Базғиева үздік деп танылды, деп хабарлайды top55.info.