Ақтауда электротехникалық қондырғылар шығаратын бірлескен кәсіпорын құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жоғарғы сапада электротехникалық қондырғылар шығаратын өндіріс құру, электроэнергетика саласында инновациялық шешімдерді жылжыту мен дамыту, автоматизация және энергия қуатын үнемдеу мақсатында қазақстандық-финляндиялық бірлескен кәсіпорын құру көзделіп отыр. Бұл туралы Маңғыстау индустриалдық палатасы басшылығымен кездескен финляндиялық «VEO» компаниясының бас директоры Марко Экман хабарлады.