«Модульдік оқыту әдісін ағылшын сабағында тиімді қолдану»
Қазіргі ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін оқыту әдістері оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны сөзсіз. Соңғы жылдары тіпті ақпараттық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Жаңа заман оқытушыларына нақты бір пәнді оқытудың мазмұны мен мақсатына толығымен сәйкес келетін және де оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін әдістер мен технологияларды сауатты таңдай отырып, пайдалана білу талабы қойылып отыр. Сонымен, модульдік оқыту әдісін оқу үдерісіне ену мәселесінің (оның ішінде ағылшын тілін оқытуда) маңыздылығы және оларды тиімді пайдалану мәселесінің әлі де болса жеткілікті дәрежеде өңделмеуі себепті маған зерттеу жұмысымның мәселесін айқындауға және тақырыпты «Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі» деп тандауыма негіз болды.
Сонымен, модульдік оқыту ол - оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оқушы өз әрекетін жоспарлайды, талдайды, өзі бақылай білуге үйренеді. Жалпы педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. С.И.Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі.
Модульдік оқыту элементтері танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде оқушылардың білім-білік дағдысын ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технологияның бірі болып табылады.
Мен бұл тақырыпты алудағы басты мақсатым: ағылшын тілін оқытуда модульдік оқыту әдісін пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу. Сондағы тәжірибе барысындағы оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті,қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік – мәдени білім, білік дағдылар енгізу.