20 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде желдің күшейеді, жаңбыр күтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр, желдің күшеюі, тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай болады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.