Пәкістанда лаңкестік орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда жанкешті лаңкес салық жинау департаментінің ғимаратына басып кіріп, адамдарға қарсы оқ жаудыртты, артынша өз-өзін жарып жіберді. Бір адам қайтыс болғаны, 23 адамның жарақат алғаны хабарланды.