Рейхстагқа атын жазып қалдырған майдангер Шымкентте тұрады (ФОТО)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жастық шағы қан майданда өткен соғыс ардагері Алексей Воронкин биыл 90 жасқа толды. Елін жаудан азат етіп, тыныштығын күзетуде 7 жылын сарп еткен ардагерді Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов арнайы құттықтай барып, тарту-таралғы жасады.