Польша «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұлттық бөлімнің комиссарын тағайындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша Республикасы Үкіметінің шешімімен Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Польша бөлімінің ұлттық комиссары тағайындалды. Оның тағайындалуы туралы қаулысына премьер-министрдің орынбасары, Польшаның даму министрі Матеуш Моравецки қол қойды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.