Қазақстандықтар мемлекеттік органдардың әрекетсіздігіне «Сот кабинеті» арқылы шағымдана алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сот билігін дамытудың маңызды басымдықтары 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Оларға ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот төрелігінің қолжетімдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру кіреді.