Алдағы төрт жылда Қазақстан аумағынан өтетін транзиттік тасымалдар екі есеге артуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы төрт жылда Қазақстан аумағынан өтетін транзиттік тасымалдар екі есеге артуы мүмкін . Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы логистика және тасымал комитетінің төрағасы Асқар Маминның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевқа есеп беруі барысында мәлім болды.