БҚО-да 82 мыңнан астам зейнеткер тұрады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 82 мыңнан астам зейнеткер болса, соның 80 пайызы - ардагерлер ұйымдарының мүшелері. Аға буын өкілдері Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын, «Қазақстан - 2050» стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, өзге де мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатысып келеді.