Астанада туберкулезді анықтау үшін экспресс-тестілер қолданылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде туберкулездің алдын алу және оны уақтылы анықтау мәселелері талқыланды. Аталған ауруды анықтаудың жаңа әдістерінің бірі экспресс-тест биотрейсер биылдан бастап қолданысқа енгізілмек, деп жазады елорданың ресми сайты.