Сәуірден бастап Қазақстанның барлық сот үдерістері аудио-бейне жазбалармен қамтылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстандағы барлық сот үдерістері аудио-бейне жазбалармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Соты Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Ілияс Испанов мәлім етті.