ОҚО-да шығарылған шұлықтар Еуропаға экспортталмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Елбасының қатысумен өткен телекөпір барысында жылына 16 млн. дана шұлық өнімін шығаруға мүмкіндігі бар «Алем БТ» фабрикасы іске қосылған болатын. Jintex Global кореялық компаниясымен бірлесе жүзеге асырылған бұл жобаны, аталған компания сүйемелдеп, дайын тауарды тұтынушыға жеткізуге мүдделі. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.