Е.Ыдырысов: Қазақстан бәсекеге қабілетті, ашық және әділ сайлау өткізу принциптерін ұстанады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бәсекеге қабілетті, ашық және әділ сайлау өткізу принциптерін ұстанады, деді Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюро миссиясының басшысы Борис Фрлецпен болған кездесуде. Жиында 20 наурызында өтетін парламент сайлауына қатысты мәселелер талқыланды.