Мүліктерді жария ету аясында 768,6 млрд. теңгені құрайтын 76 518 өтініш түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүліктерді жария ету науқаны аясында жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға және мемлекеттік кірістер органдарына жалпы сомасы 768,6 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 76 518 өтініш (декларациялар) түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.