БҚО: Тасқала ауданы тұрғындарының 90 пайыздан астамы табиғи газбен қамтылды (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы тапсырмасына орай Үкімет пен жергілікті билік қабылдаған шешімдер нәтижесінде Тасқала ауданында 17 мыңнан астам халық тұрса, соның 88 пайызы ауыз сумен, 90 пайыздан астамы табиғи газбен қамтылып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Санжар Әлиевтің тұрғындармен есептік кездесуіне қатысқан өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті.