Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа бағдарламасы Қызылорда облысынан бастау алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» деп аталатын жаңа бағдарламасы Қызылорда облысынан бастау алды. Осы бағдарлама аясында Қызылорда қаласында 40 мың шаршы метрді құрайтын 12 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.