С.Сәпиев Қазақстанның барлық аймақтарында спортты насихаттауға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» бокс клубының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат болып енгізілген Серік Сәпиев Қазақстанның барлық аймақтарында спортты насихаттауға ниетті.