Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылады. Елордада жауын-шашын мен көктайғақ күтілсе, Алматыда салыстырмалы түрде күн жылы болады, ал Шымкентте температура алдымен 23 градусқа дейін көтеріліп, содан кейін төмендейді. 22–24 қарашаға арналған толық болжам - Tengrinews.kz материалында.
Астана
22 қарашада елордада бұлт көшпелі болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Температура түнде 0, минус 2 градус, күндіз 6-8 градус жылы болады.
23 қарашада бұлт көшпелі болады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады деп болжанады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Температура түнде 0, плюс 2 градус, күндіз 4-6 градус жылы болады.
24 қараша бұлт көшпелі болауы мүмкін, соңы қарға ұласатын жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Температура түнде 0, 2 градус жылы, күндіз 2-4 градус "плюс" болады.
Алматы
22-23 қарашада синоптиктер бұлт көшпелі, жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Жел оңтүстік бағытта, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Температура түнде 5-7, күндіз 15-17 градус жылы болады.
24 қараша бұлт көшпелі, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Температура түнде 9-11, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Шымкент
22 қарашада бұлт көшпелі, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 8-13 метр. Температура түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
23 қарашада бұлт көшпелі, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Температура түнде 8-10, күндіз ауа 21-23 градусқа дейін жылынады.
24 қараша бұлт көшпелі, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, түнде екпіні секундына 18 метрге жетеді. Температура түнде 8-10, күндіз 13-15 градус "плюс" болады.