Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Айсұлтан Сейітов K-pop топқа клип түсірді: не белгілі?

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық LNGSHOT K-pop тобына клип түсірді, деп хабарлайды Tengri Life.
Жаңа клип
Видео топтың YouTube-арнасында жарияланып үлгерді. Титрлерде Айсұлтан жалғыз режиссер ретінде көрсетілген.

"K-pop-тағы дебютім. Оның дәл LNGSHOT тобымен басталғаны мен үшін үлкен мәртебе. Сенім білдіріп, энергия бергендеріңіз бен ортақ көзқарастарыңыз үшін рахмет!", - деп атап өтті режиссер өзінің Instagram парақшасындағы жазбасында.

Клип Bananas әніне түсірілген. Қазіргі уақытта роликті шамамен 100 мың рет тамашалаған.

LNGSHOT тобы туралы не белгілі?
LNGSHOT - төрт қатысушыдан тұратын оңтүстіккореялық K-pop тобы. Топтың атауы Long Shot тіркесінің қысқартылған түрі.
Ұжым құрамында OHYUL (Оюль), RYUL (Рюль), WOOJIN (Уджин) және LOUIS (Луи) бар.
Дебюті жақын арада ғана болғанына қарамастан, топ танымал болып келеді: Spotify-да айына 4,3 миллионнан аса тыңдарманы бар, ал ең танымал музыкалық видеосы YouTube-те 64 миллион қаралым жинаған.

Айсұлтан Сейітов
Айсұлтан Сейітов шетелдік орындаушыларға, соның ішінде 21 Savage пен J. Cole-ға арнап түсірген музыкалық видеоларымен танымал. Қазақстанда ол 2022 жылы жарыққа шыққан "Қаш" тарихи драмасының режиссері ретінде де үлкен танымалдылыққа ие болды.
Еске сала кетейік, Айсұлтан Сейітовтің бұған дейінгі жұмысы - америкалық рэпер A$AP Rocky-дің Shroom Clouds клипі - видеоның соңғы нұсқасында жасанды интеллект қолданылуына байланысты даудың ортасында қалған болатын.Талқылау видеоның соңғы нұсқасы шыққаннан кейін басталды, онда ЖИ көмегімен жасалған кадрлар табылды. Видеорежиссер әрі визуалды эффектілер маманы Cache Bunny клип авторларын оның жұмыстарын рұқсатсыз пайдаланды деп айыптады.

Дау-дамай аясында Айсұлтан Сейітов пен ProdCo продакшн-компаниясы клиптің бастапқы режиссерлік нұсқасын - Director’s Cut-ты жариялады. Компания бұл жұмыстың толық аяқталып, тапсырыс берушіге 2024 жылдың қаңтарында-ақ өткізілгенін атап өтті. Ал ЖИ қолданылған даулы кадрлар кейінірек, түпнұсқа команданың хабарынсыз және келісімінсіз қосылған.
Тағы оқыңыз: Анатолий Цой Қытайда шұғыл ауруханаға жатқызылғаны туралы хабардан кейін видеоүндеу жариялады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus