Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алты алтын медаль және анасына бір қоңырау: Ақордадан репортаж

- Ал кеше не істедіңіз? - деп сұрадым велошабандоз Алексей Луценкодан.- Ұйықтадым. Шыны керек, жақсы демалып қалдым. Анама қоңырау шалдым.
Луценконың мансабында Азия ойындарының алты алтын медалі бар. Осынша жүлдені қазақстандық спортшылардың ешбірі иеленбеген. Ол кейінгі екі алтынды Жапонияда жеңіп алды, ал қазанда Қытайдағы қорытынды жарыстан кейін кәсіби мансабын аяқтады.9 қарашада Tengrinews.kz тілшісі онымен Қазақстан Президенті Азия ойындары мен Паразиада жеңімпаздарын марапаттаған Ақордада кездесті. Бұл күні мұнда басқа спортшылар жылдар бойы армандайтын жетістікке жеткен адамдар көп болды. Бірақ жеңіс туралы әңгімелер көбіне одан кейінгі өмірге ойысты.
"Енді қайтара алмайсың"
Кейінгі бір жарым айда Луценко елдер арасында тоқтаусыз сапарда болды. Еуропа, Жапония, тағы Еуропа, Қытай. Жарыстар, ұшулар, уақыт белдеуінің айырмашылығы.Қытайда оны ескі велосипед дәстүрімен шығарып салды. Шабандоздар дөңгелектерін көтеріп, қол шапалақтап, бір пелотонда өткізген жылдар үшін алғыс айтты. Луценконың естелігі бойынша, олардың саны екі жүзге жуық болған.
Жапониядағы Азиададан кейін жұбайы оның бойындағы күтпеген өзгерісті байқаған.
- Сен бір түрлі босаңсып қалыпсың.
Луценко маған бұл туралы күлімсіреп айтып берді. Мансабы жалғасып жатқанда, ол үнемі қысым мен нәтиже үшін жауапкершілікте жүретін. Жапониядағы жеңістен кейін бұл жүк біртіндеп жеңілдей бастаған.
Алексей Луценко Азиаданың екі алтын медалімен. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан ҚұлшымановҮйде оны жары күтті. Луценко бұл күтуді әскермен теңестіреді.
- Жұбайым мені 15 жыл күтті.
Алексейдің үш баласы бар. Екі кішкентай ұлы әкесі неге жиі кететінін әлі толық түсінбейді. Ол бұл жағдай ауыр тигенін ашық айтты.

- Кейбір сәттерді қайтаруға болар. Ал балаң бір-екі жасқа келіп, тәй-тәй баса бастаған сәтін енді қайтара алмайсың.

Қазір оның қалауы - қарапайым нәрселер. Үйде болу, достарымен кездесу, ата-анасын көру. Ешқандай жарыс, ұшу және бір жаққа асығудың қажеті жоқ.

- Кейде тыныштықта болып, ауылға, анама барғым келеді, - деп ағынан жарылды Луценко.

Бұл ауыл - Солтүстік Қазақстан облысындағы Большая Малышка. 2005 жылы ол жерге бапкер Виктор Потапов көлікпен барады. Ол спорттық интернатқа алып кетіп, кәсіби велоспортқа баулитын балаларды іздеген. Солардың арасында Алексей де болды.
Велобазада ол алғаш рет Александр Винокуровтың суреттерін көрді. Оларға қарап отырып, бір күні осындай нәтижелерге қол жеткізуді армандады. Содан бері жиырма жылдан аса уақыт өтті. Енді Ақордада Луценконың өзін суретке түсіріп жатыр.Үздіктер ішіндегі соңғысы болдым
Дегенмен, Ақордаға жиналған спортшылардың барлығы бірдей аяқталған мансабына көз жүгіртпейді. Кейбіреулері үшін бәрі енді ғана басталып жатыр.
Мәселен, 19 жастағы семсерлесуші Кирилл Проходов жеңістеріне әлі де үйреніп үлгере алар емес.- Әлем чемпионатының алтыны, Азия чемпионатының алтыны, Азия ойындарының алтыны. Алтын, алтын, алтын... Осының бәрінен әлі ес жиып үлгермей жатырмын, - дейді ол.
Семсерлесушілер 19 жастағы Кирилл Проходов (сол жақта) және 35 жастағы Руслан Курбанов (оң жақта). Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан ҚұлшымановЖапонияда Кирилл Қазақстанға Азиаданың керемет жеңістерінің бірін сыйлады. Оңтүстік Кореяға қарсы командалық жарыстың финалында қазақстандық шпагашылар тоғыз ұпай айырмашылығымен артта қалып, есепті теңестірді. Қосымша минутта шешуші соққыны Проходов жасады.
- Жеңіске бір секунд қалғанда қандай сезімде болдыңыз?
- Ештеңе сезінген жоқпын. Жекпе-жекке ешқандай эмоциясыз шықтым. Миымды өшіріп, жылдар бойы үйренгенімді істедім.
Кирилл үлкен спортқа Өскеменнен келген. Оның айтуынша, ол жерде секцияның ең мықты тәрбиеленушілерінің бірі болған. Бірақ Алматыға көшіп, ұлттық құрамамен жаттыға бастағанда бәрі өзгерді.

- Үздіктер ішіндегі соңғысы болдым. Бұл маған мотивация берді.

Бір күні ол үйде отырып іші пысады. Анасымен бірге қыдыруға шығып, "Олимпиец" спорт кешеніне барады. Ауыр атлеттерді көріп, қызығушылығы оянады. Жаттығу туралы келісе бергенде, баспалдақпен қолына шпага ұстаған жас қыз түсіп келе жатады.
Кирилл бұл не екенін сұрайды.
- Бұл шпага, міне, көр, - деп жауап береді бапкер.
- Ауыр атлетика күте тұрсын. Мен семсерлесуге барып көрейін, - деп еске алады ол сол кездегі шешімін.
Содан бері осы спортта қалды. 
Енді Кирилл Лос-Анджелес Олимпиадасында жеңіске жетуді көздеп отыр.
Мәселе кроссовкада21 жастағы Ясмина Тоқсанбаеваның Азиададағы оқиғасы мүлдем бөлек.
Жапонияда ол 42 шақырымдық марафондық спорттық жүруден мәреге бірінші болып жетті. Ол қашықтықты үш сағат 22 минут 20 секундта бағындырды. Бұл ең жақын қарсыласынан төрт минутқа жылдам. Бірақ ол алтын медаль алмады.
Ясмина Тоқсанбаева. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов
Мәре сызығынан өткен соң төрешілер жүлдегерлердің аяқ киімін тексерді. Ясминаның кроссовка моделі World Athletics рұқсат берген тізімде жоқ болып шықты. Оның нәтижесі жойылып, алтын медаль Қытай спортшысына берілді.Қазақстан федерациясы бұл шешімге наразылық білдірді. Олардың уәжі бойынша, Тоқсанбаеваның аяқ киімі жарыс алдында тексеріліп, рұқсат берілген. Соған қарамастан, дисквалификация күшінде қалды.
Енді ол Ақордадағы марапаттау рәсіміне шақырылған спортшылардың арасында тұрды. Мұндағылардың көбінде Азиада медальдары бар. Ясмина да мәреге бірінші болып келді, бірақ ресми түрде жеңімпаз деп танылмады.Қасым-Жомарт Тоқаев оған "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалін табыс етті.
Ясмина Тоқсанбаева Президентпен бірге. Фото: Ақорда баспасөз қызметіМәреден кейінгі марапаттар
Сол күні Ақордаға түрлі спорт саласының өкілдері жиналды. Боксшылар, семсерлесушілер, велошабандоздар, жеңіл атлеттер және параспорт өкілдері барды. Марапат алушылар арасында мерген Еркін Ғаббасов пен Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы, пауэрлифтер Давид Дегтярев болды.
Паралимпиадашы-мерген Еркін Ғаббасов марапаттау рәсімі алдында. Артқы жақта - Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы, пауэрлифтер Давид Дегтярев. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан ҚұлшымановАл боксшылар Айбек Оралбайд мен Төрехан Сабырхан бұған дейін Ақордада болған. Осыдан бір жылдан аса уақыт бұрын екеуі де "Құрмет" орденін алған еді. Енді олар Президенттің алғыс хаттарын алмақ.
Айбек Оралбай мен Төрехан Сабырхан Геннадий Головкинді мұқият тыңдап тұр. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан ҚұлшымановРәсім алдында Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды Азия және Азия Пара ойындарындағы жетістіктерімен құттықтады. Ол жаңа спорт нысандары, дайындық орталықтары мен жас атлеттерді қолдау қажеттілігі туралы айтты.- Қазақстанда әрбір баланың спортпен айналысуға мүмкіндігі болуы керек, - деп атап өтті Президент.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Ол болашақ чемпиондар еліміздің шалғай ауылдарынан да шығатынын еске салды.
Алексей Луценконы кезінде шағын ауылға барған жаттықтырушы байқаған. Кирилл Проходов семсерлесуге спорт кешеніндегі кездейсоқ кездесуден кейін келді. Президент бірін Қазақстан тарихындағы Азия ойындарының тұңғыш алты дүркін чемпионы деп атаса, екіншісі келесі ірі мақсатына дайындалып жүрді.
Тоқаев Жапонияда Азия рекордын орнатқан Дегтяревтің және Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған каратэші Софья Берульцеваның жетістіктерін ерекше атап өтті.
Софья Берульцева Президентке қазақ және орыс тілдерінде алғыс айтты. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан ҚұлшымановБұдан соң марапаттарды тапсыру басталды.
Фото: Ақорда  баспасөз қызметі
Спортшылар бірінен соң бірі Президентке барып, марапаттарын алып, қол алысты да, орындарына қайта жайғасты.
Еркін Ғаббасов Президенттің алғыс хатымен. Фото: Ақорда баспасөз қызметіӘрқайсысының артында өз оқиғасы бар. 
Ясмина Тоқсанбаева гүл шоғымен. Фото: Ақорда баспасөз қызметі
"Босаңсуға қорқамын"
Темірлан Тілеулес 21 жаста. Ол Жапонияда таэквондодан Азия ойындары алтынын жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды.
Дегенмен, жыл басында оның жарысқа баратыны белгісіз болған. Қаңтарда Темірлан иығына ота жасатты. Одан кейін жарты жылдық оңалту кезеңі өтті, Азия чемпионатынан тыс қалды және жарақаты қайталануы мүмкін деген қауіп болды.
- Азиада алдында иығым ауырғанын мүлдем ұмытып кеттім, - дейді ол маған.
Темірлан Тілеулес. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов
Айта кетсек, Темірлан да спорт түрін бірден таңдаған жоқ. Бұрын ол шахматпен де, таэквондомен де кәсіби түрде айналысқан. 2018 жылы екеуін қатар алып жүру мүмкін емес екені белгілі болды. Темірлан таэквондоны таңдады. Шахматты тастаған жоқ, бірақ қазір тек интернетте ойнайды.
Ол Азиада финалында жеңіске жететініне күмәнданбағанын айтады. Бұрын ірі жарыстарда қола медальді қанағат тұтқан кездер әлдеқайда қиын болған. 
- Кейде жеңіске қарағанда, жеңіліс арқылы көбірек өсуге болады, - деп толғанады ол.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов
Алда оны Астанадағы Әлем чемпионаты, ал егер іріктеуден өте алса, Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары күтіп тұр.

- Шынымды айтсам, босаңсуға қорқатынымды сеземін. Босаңсығым келмейді. Адам ретінде өзгергенімді қаламаймын.

Осы репортаж басталған Алексей Луценко да жарынан "босаңсыған" деген сөзді естіді. Бірақ оның жағдайында бұл сөз мүлдем басқаша естілді.
Азиаданың екі алтын медалінен кейін Елена Луценко олардың бірлескен суретін жариялап, былай деп жазды:"????❤️ көптен күткенім".
Елена Луценконың Instagram парақшасынан алынған скриншот
Тағы оқыңыз: Ақорда төрінде. Республика күні қарсаңында кімдер және қалай марапатталды?
Мәтіні: Айсұлтан Құлшыманов
Дайындаған: Айнұр Қапышова

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus