Жолаушыға дөрекілік көрсеткен “Яндекс.Такси“ жүргізушісі жеті тәулікке қамауға алынды
Сапар кезінде әйел көлікте баласымен болған. Бала салонды бүлдіріп қойған кезде 53 жастағы "Яндекс.Такси" жүргізуші жолаушыға дөрекіліп танытып, балағаттаған.
Көлік тоқтағаннан кейін де ер адам сыртқа шығып, балағат сөздерін жалғастырған. Әйел болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп, полицияға жүгінген.
Полиция қызметкерлері жүргізушінің іс-әрекетіне құқықтық баға берді. Жиналған материалдар сотқа жолданған. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Полиция тұрмыстық жанжал немесе жолаушыға көңілі толмау адамды қорлауға және қоғамдық тәртіпті бұзуға негіз болмайтынын ескертеді. Әсіресе, тәртіп сақшылары мұндай әрекеттерге балалардың куә болуы жағдайды одан әрі ушықтыратынын атап өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)