Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамының белгілерін айтты

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан жаңа коронавирус штаммы - PJ.2.1-дің белгілері суық тию немесе тұмау белгілеріне ұқсас болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы РИА Новостиге айтып берді, деп жазады TengriHealth.

"Тек белгілерге сүйене отырып, инфекцияны нақты қай респираторлық вирус тудырғанын дөп басып айту мүмкін емес", - деді ДДСҰ.

Ауру себебін анықтау емдеу стратегиясына немесе қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді қабылдауға әсер ете алатын жағдайларда, тестілеу қажет болуы мүмкін екендігі атап өтілді.

"Қазіргі уақытта PJ.2.1 нұсқасы SARS-CoV-2-нің басқа нұсқаларымен салыстырғанда өзгеше белгілер тудырады немесе аурудың ауырлау өтуіне себеп болады деп айтуға жеткілікті дәлелдер жоқ", - делінген хабарламада.

ДДСҰ жаңа штамм COVID-19 тудыратын вирустың бір нұсқасы екенін және оны коронавирустан бөлек нәрсе ретінде қарамау керектігін атап өтті.
Сондай-ақ ұйым COVID-19-дың жаңа штамының жаһандық деңгейде таралу қаупі артып келе жатқанын хабарлап, оның таралу барысын жіті бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
Медицина ғылымдарының докторы, инфекционист әрі вирусолог Елена Малинникова бұған дейін PJ.2.1 нұсқасының басқа штамдардан айырмашылығы - тамақтың қатты ауыруы және аурудан кейін адамның ұзақ уақыт бойы әлсіреп, шаршаңқы күйде жүруі болуы мүмкін екенін түсіндірген еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus