Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Туск Краковтағы атысты теракт деп атады: алты адам қаза тауып, үйден үш мәйіт табылды

Польша билігінің мәліметінше, Краков қаласында адамдарға оқ жаудырған күдікті әсіре оңшыл көзқарасты ұстанған. Оның үйінен үш адамның мәйіті табылды. Премьер-министр Дональд Туск бұл оқиғаны террорлық акт деп атады. Жарақат алғандардың арасында Германия, Ресей және өзге де елдердің азаматтары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Польшаның премьер-министрі Дональд Туск Краков қаласының орталығында болған атысты террорлық акт деп бағалады. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Базар алаңында жасалған шабуыл салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған.
Қайғылы оқиға 7 қарашада болған. Қаскөй қаланың тарихи бөлігінде көлік ішінен өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған. Қаза тапқандардың арасында кемінде бір Ұлыбритания азаматы мен үш Польша азаматы бар. Ал жараланғандар қатарында Германия, Аустрия, Португалия, Ұлыбритания және Ресей азаматтары болған.
Күдікті ұсталған кезде оқ тиіп жараланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Полиция оның көлігінен қару мен оқ-дәрілер тапқан. Краков қаласының мэрі Лукаш Гибала 11 қарашаға дейін қалада қаралы күн жариялады.
Дональд Тусктың айтуынша, күдіктінің үйін тінту кезінде екі әйел мен бір ер адамның мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, олар күдіктінің жақын туыстары болуы мүмкін.

"Полиция мен арнайы қызмет өкілдері қылмыстың мән-жайын және күдіктінің мұндай әрекетке не себепті барғанын мүмкіндігінше тезірек анықтап, көпшілікке жариялау үшін бар күшін салады", – деді Дональд Туск.

Польшаның ішкі істер министрі Марцин Кервиньский күдіктінің 24 жастағы Польша азаматы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жігіт әсіре оңшыл идеологияға қызығушылық танытқан. Шабуыл кезінде әскери үлгідегі киім кигенімен, ол бұрын әскерде қызмет етпеген және әскери қызметші емес.
Польша басылымдарының хабарлауынша, күдікті Островец-Свентокшиски қаласының тұрғыны Михал О. болуы мүмкін. Onet басылымының мәліметінше, оның атыс қаруының екі түрін ұстауға рұқсаты болған.
Күдікті 52 жастағы әкесінің атына тіркелген Subaru көлігімен жүрген. Ал әкесінің меншігінде 11 атыс қаруы бар және оларды алып жүруге тиісті рұқсаты болған. Бұған дейін әкесі де, ұлы да қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus