Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Бүгін, 7 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ақордадағы келіссөз қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.



Мемлекеттер басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлері үшін кадр даярлау саласындағы келісім;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы салаларындағы жобаларды дамыту мақсатында ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тауар айналымын 2030 жылға дейін ұлғайту жөніндегі жол картасы;
5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Тәжікстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық ынтымақтастық туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 2027-2028 жылдарға арналған жол картасы;
10. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2027 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспары;
11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Тәжікстан Республикасы президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасындағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандум;
13. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасы президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасында электрондық коммерция жүйесін дамыту саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
14. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Телевизия және радио комитеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus