Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Азия чемпионатында Қытайды 5:0 есебімен ойсырата жеңді

Қазақстанның хоккей құрамасы Азия чемпионатындағы екінші кездесуінде Қытай командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Ойынның алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ. Талғат Жайлауовтың шәкірттері қарсылас қақпасына 20 рет соққы бағыттағанымен, шайба соға алмады.
Матчтегі алғашқы шайба екінші кезеңнің екінші жартысында, 11-минутта соғылды. Саян Данияр қарсылас команда бір ойыншыға кем қалған сәтті тиімді пайдаланып, есеп ашты. Араға үш минут салып, ол тағы бір шайба соғып, дубль авторы атанды.
Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы шабуылын жалғастырды. Кезең басталғаннан кейін небәрі 33 секунд өткенде Артур Гатиятов есепті 3:0-ге жеткізді. Ал 8-минутта Оскар Юлбарисов төртінші шайбаны қарсылас қақпасына дәл бағыттады.
Матчтің 13-минутында Кирилл Никитин сан басымдығын пайдаланып, бесінші шайбаны соқты.
Ойын Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды, есеп - 5:0.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Ice Hockey Federation (@kazakhstanhockey) жарияланымы


Айта кетейік, Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының сапында "Барыс" клубынан тек қақпашы Владислав Нурек өнер көрсетіп жүр. Қалған ойыншылар Қазақстан чемпионатына қатысатын клубтардан жасақталған.
8 қарашада Қазақстан құрамасы турнирдегі шешуші кездесуін Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Биыл қазақстандық хоккейшілер былтыр жеңіп алған Азия чемпионы атағын қорғап жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus