Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда ауа температурасы құбылмалы болады: 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

7 қараша, сенбіде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауса, енді бір аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Еліміздің оңтүстігі жылынады. Мұнда кей қалаларда ауа температурасы 22–24 градусқа дейін көтерілсе, солтүстікте күндіз небәрі 2–4 градус жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана – күн ала бұлтты, түнде және күннің алғашқы жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 7–9 градус жылы болады.

Алматы – күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 16–18 градус жылы болады.

Қонаев – күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 16–18 градус жылы болады.

Қызылорда – күн ала бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 15–17 градус жылы болады.

Талдықорған – күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1–3 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы 22–24 градусқа дейін жылынады.

Тараз – күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8–10, күндіз 22–24 градус жылы болады.

Түркістан – күн ала бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10–12, күндіз 19–21 градус жылы болады.

Шымкент – күн ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10–12, күндіз 21–23 градус жылы болады.

Ақтау – күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан және солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4–6, күндіз 9–11 градус жылы болады.

Ақтөбе – күн бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын түсіп, жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1–3 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы 4–6 градусқа дейін көтеріледі.

Атырау – күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын оңтүстік-шығысқа өзгертеді. Желдің жылдамдығы секундына 4–9 метр болады. Ауа температурасы түнде 2–4, күндіз 8–10 градус жылы болады.

Орал – күн бұлтты, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0–2, күндіз 3–5 градус жылы болады.

Қарағанды – күн ала бұлтты, түнде жауын-шашын түседі, көбіне жаңбыр жауады. Күндіз де жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 9–14 метр, күндіз 4–9 метр болады. Ауа температурасы түнде 2–4, күндіз 7–9 градус жылы болады.

Жезқазған – күн ала бұлтты, түнде жауын-шашын түседі, негізінен жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Ауа температурасы түнде 4–6, күндіз 12–14 градус жылы болады.

Көкшетау – күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 3–5 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы 4–6 градусқа дейін көтеріледі.

Қостанай – күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 2–4 градус аяз, күндіз 2–4 градус жылы болады.

Петропавл – күн ала бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын түсіп, жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 15–20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 3–5 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы 2–4 градусқа дейін жылынады.

Павлодар – күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстіктен секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2–4, күндіз 6–8 градус жылы болады.

Семей – күн ала бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Желдің екпіні 15–20 метрге, күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0–2, күндіз 10–12 градус жылы болады.

Өскемен – күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0–2, күндіз 10–12 градус жылы болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus