Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қонақүй, бизнес орталықтар, жаңа тұрғын үй кешені: Астана тұрғындары қоғамдық талқылауға шақырылды

23, 25 және 27 қарашада Астананың әр ауданындағы тоғыз жоба қоғамдық талқылауға шығарылады. Елорда тұрғындары жаңа тұрғын үй кешендері, таунхаустар, қонақүй, сауда-ойын-сауық орталығы, бизнес орталықтар, ауруханалар, балабақшалар, мектептер, саябақ пен мешіт құрылысын талқылауға шақырылып отыр.
Алдағы талқылаулар туралы хабарландырулар елорданың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы сайтында, сондай-ақ, "Вечерняя Астана" газетінде жарияланды.
2026 жылғы 23 қарашада төрт жоба таныстырылады. Бірінші жоба Хусейн бен Талал көшесі мен Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары қиылысындағы аумаққа қатысты. Бұл жерде Назарбаев университеті қонақүй кешенін, бизнес орталықтар, медициналық орталықтар, стационар, көпфункционалды кешен мен сән үйін салу жоспарланып отыр.
Сәулет басқармасы сайтында жобалардың эскиздері жарияланған, алайда олардың сапасы төмен.
Хусейн бен Талал - Тұран - Қабанбай батыр аумағындағы жоба. Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы сайтынан алынған эскиз
Екінші жоба - Ұлы дала даңғылы мен Айтматов көшесі қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешендері.
Ұлы дала - Айтматов аумағындағы жоба. Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы сайтынан алынған эскиз
Үшіншісі - Ұлы дала және Айтматов көшелері бойындағы балабақшасы бар тағы тұрғын үй кешені.
Ұлы дала - Айтматов аумағындағы жоба. Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы сайтынан алынған эскиз
Төртінші жоба - паркингі, мектебі, балабақшасы, саябағы, СОО және емханасы бар тұрғын үй кешені. Бұл - Қорғалжын тасжолынан солтүстікке қарай және Есіл өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан аумақ.
Қорғалжын тасжолынан солтүстікке қарай, Есіл өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан аумақтың жобасы. Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы сайтынан алынған эскиз
Бұл жобалар бойынша талқылаулар 23 қарашада сағат 10:00-де Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайында өтеді.
25 қарашада сағат 10:00-де дәл сол мекенжайда тағы екі жоба ұсынылады. Олар - Е509 көшесі мен Бөкейхан - Орынбор - Ақниет аумағындағы тұрғын үй кешендері.
27 қарашада сағат 10:00-де сол жерде үш жоба таныстырылады:

А91 - А435 - Хайретдин - Болғанбаев - А123 көшелері аумағында коттедж түріндегі үйлер, таунхаус үлгісіндегі блокталған тұрғын үйлер, орта қабатты тұрғын үйлер, мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемесі, мешіт, денсаулық сақтау нысаны, қоғамдық, әкімшілік және спорт нысандарын салу жоспарланған;
Абай - Жұбанов - Циолковский аумағында: көппәтерлі тұрғын үй кешендері, сауда орындары бар әкімшілік-ойын-сауық орталығы, балабақша, емхана, кеңселер, техникалық қызмет көрсету станциясы, сауда-ойын-сауық орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, әкімшілік ғимараттар;
Абайдың 150 жылдығы және Бейбарыс Сұлтан көшелері аумағында: тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, көпфункционалды тұрғын үй кешендері, көппәтерлі тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимарат.

Тағы оқыңыз:
Қазақстанда жоғары оқу орындарын қала сыртына көшіру ұсынылды
Арманыңыздағы үйді салу үшін жер телімін қалай дұрыс таңдап, сатып алған жөн?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus