Алматыда жүк көлігін жаппай тоқтатуға шақырған ер адам қамауға алынды
Бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Онда ер адам 1 қарашада жүк көлігі қозғалысын ұйымдасқан түрде тоқтатуға үндеген.Үндеу авторы 41 жастағы ер адам болып шықты. Рұқсат етілмеген жаппай іс-шараны ұйымдастыруға шақырғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)