Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Президент Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің ашылу рәсіміне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитінің ашылу рәсіміне қатысу үшін "Кулие" сарайына барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз қарсы алды.


Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Еске сала кетейік, 28 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Анкарадағы Этимесгут әуежайынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды. Тоқаев пен Ердоған әуежай залында аз-кем әңгімелесті.
Сапар барысында Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Анықтама: Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) - түркітілдес елдердің саясат, экономика, мәдениет, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында құрылған халықаралық ұйым. Ұйым құрамына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан кіреді. Бірқатар мемлекет ұйым жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.
Айта кетейік, биыл көктемде Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті өтті. Жиынның басты тақырыбы жасанды интеллект пен цифрлық даму болғанымен, Қазақстан Президенті өз сөзінде әлдеқайда ауқымды мәселелерді қозғады. Ол түркі әлемінің ортақ рухани құндылықтарын сақтау туралы айтып, ТМҰ-ны "геосаяси жоба немесе әскери альянс" деп сипаттайтындарға жауап берді. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus