Куәгерлер Алматыдағы Esentai City-де жарылыс болғанын хабарлады: кадрлар пайда болды
Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешені аумағында жарылыс болды. Бұл туралы куәгерлер айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқырмандар редакцияға оқиға орнынан видео жолдады. Олардың сөзінше, жарылысқа газдың тарауы себеп болуы мүмкін.
Редакция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді.
Жарылыстың себебі, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат нақтыланады.
Материал толықтырылып жатыр.