Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Футболдан Қазақстан құрамасы Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады

Ағылшындық "Бернли" вингері Дастан Сәтпаев Ұлттар лигасының шешуші матчтеріне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамына кірді, деп хабарлайды Tengri Sport Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Молдова мен Словакияға қарсы алдағы ойындарға арналған кеңейтілген құрамға 38 ойыншыны қосу туралы шешім қабылдады.
Алдыңғы матчтерден айырмашылығы, бұл жолы құрамға Дастан Сәтпаев, сондай-ақ Бірінші лигадағы "Шахтер" командасынан Артём Литош кірді.
Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан).
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – "Елімай"), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – "Астана"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы – "Қайрат"), Темірлан Ерланов ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Санжар Сатанов ("Атырау"), Владислав Васильев ("Оқжетпес"), Наурызбек Жагоров ("Тобыл").
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлеубай (екеуі де – "Елімай"), Айбол Әбікен ("Қызылжар"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы – "Астана"), Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Елхан Астанов (барлығы – "Ордабасы").
Шабуылшылар: Ислам Чесноков ("Крылья Советов", Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – "Қайрат"), Дастан Сәтпаев ("Бернли", Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – "Ахмат", Ресей), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Артём Литош ("Шахтер").












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының топтық кезеңінде соңғы екі матч күтіп тұр. 13 қарашада команда сырт алаңда Молдова құрамасымен кездессе, 16 қарашада Астанада Словакияға қарсы ойнайды.
Алғашқы төрт ойында Қазақстан құрамасы бірде-бір жеңіске жете алмады: команда Фарер аралдарымен екі рет тең түсіп, Молдовадан (өз алаңында) және Словакиядан (сырт алаңда) жеңіліп қалды. Соған қарамастан, қазақстандықтарда топта жоғарылауға теориялық мүмкіндік сақталып отыр.
Қазақстан құрамасының жоғары дивизионға өту мүмкіндігі бар: талдау
Дастан Сәтпаев - Қазақстан құрамасының ең қымбат ойыншысы
Еске сала кетейік, беделді Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша 18 жасар вингер Дастан Сәтпаев - ұлттық құраманың ең қымбат футболшысы. Оның құны 5 миллион еуроға бағаланып отыр.
Шабуылшының трансферлік құқығы лондондық "Челсиге" тиесілі. Ұлыбританиялық гранд оны былтыр сатып алғанымен, Сәтпаев Англияға тек 2026 жылдың жазында ауысты.
Қазір вингер жалдау шартымен "Бернли" сапында өнер көрсетеді. Ол әзірге жаңа командасы үшін голмен немесе нәтижелі паспен көзге түсіп үлгерген жоқ.
Айта кетейік, Дастан - Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы. Бұл ретте ол команданың кейінгі ойындарына жарақатына байланысты қатыса алмады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Дастан Сәтпаев “Челсидің” тыйымынан кейін алаңға шықты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus