Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тұтқадан ауруханаға дейін: әлемдегі 102 қалада 40 мыңнан аса белгісіз вирус табылды

Ғалымдар әлемдегі 31 елде алынған қоршаған орта үлгілерін талдап, бұрын белгісіз болып келген РНҚ вирустарының 40 мыңнан аса тобын анықтады. Зерттеу материалы адамдар көп жиналатын жерлер мен қоршаған ортадан жиналды. Зерттеушілер нені анықтағаны туралы Tengri Health материалында.
Ғалымдар қандай үлгілерді зерттеді және олар қайда жиналды?
Ауқымды халықаралық зерттеу Nature Communications ғылыми журналында жарияланды. Ғалымдар 102 қала мен оған іргелес аймақтардан жиналған 2922 үлгіні зерттеді.
Талдамаға адамдар жиі ұстайтын: тұтқалар, орындықтар және билет автоматтары кірді. Сондай-ақ үлгілер автобус аялдамаларында, метро бекеттерінде, теміржол вокзалдарында, ауруханалар мен банктерде жиналды. Сонымен қатар зерттеушілер қала сыртындағы топырақты, жасыл аймақтарды, су айдындары мен ағынды суларды және өзге де нысандарды зерттеді.
Материалдың негізгі бөлігі - 2922 үлгінің 1862-сі 2020 жылғы наурыз-шілде аралығында жиналған.
Ғалымдар генетикалық материалы рибонуклеин қышқылынан (РНҚ) тұратын РНҚ вирустарын зерттеді. Бұл топқа, мысалы, тұмау вирустары, коронавирус, Денге вирустары және басқалары жатады.
Зерттеушілер нені анықтады?
Талдау нәтижесінде зерттеушілер бұрын белгісіз болған 40 мыңнан астам РНҚ вирусын анықтады.
Алынған мәліметтер негізінде олар қалалық және қала маңындағы ортаның РНҚ вирустары атласын - UPVAtlas-ты жасап шығарды. Оған 54 945 РНҚ вирусы енді, олардың 77 пайызы бұрын ғылыми зерттеулерде кездеспеген, делінген мақалада.
Сонымен қатар ғалымдар бұрын белгісіз болған ірі вирус топтары белгілерін тапты.
Вирус әлемінің "қараңғы материясы": қалалық орта неге зерттеліп жатыр?
Зерттеу авторлары РНҚ вирустары - эволюциялық тұрғыдан әртүрлі және Жер бетінде кең таралған биологиялық нысандардың бірі екенін атап өтеді.

"Олар адамның өмір сүру ортасының ажырамас бөлігі және оның денсаулығына әсер етеді. Алайда, олардың әртүрлілігінің үлкен бөлігі зерттелмеген және сипатталмаған күйде қалып отыр. Ғалымдар бұл құбылысты вирус әлемінің "қараңғы материясы" деп атайды", - делінген зерттеуде.

Ғалымдардың қалаларға назар аударуы кездейсоқ емес. Мұнда әлем халқының едәуір бөлігі тұрады, адамдар ортақ кеңістікті пайдаланады және аудандар мен елдер арасында жиі қатынайды.

"Осының бәрі қалалардың эпидемия таралу орталығына айналуына және адамзатқа үлкен қауіп төндіруіне жағдай жасайды", - деп есептейді жұмыс авторлары.

Анықталған вирустар қандай ағзалармен байланысты екенін білу үшін зерттеушілер талдау нәтижелерін ғылыми базалардағы деректермен салыстырды. Олар вирустардың шамамен үштен бірінің ықтимал иелерін болжай алды.
Зерттеу авторлары қалалардағы вирустарды зерттеу олардың қалай таралатынын және уақыт өте келе қалай өзгеретінін түсінуге көмектеседі деп санайды. Болашақта бұл деректер вирустарды бақылауға және адам денсаулығына төнуі мүмкін қауіптерді анықтауға септігін тигізуі мүмкін.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ересектерге қандай екпелер қажет: тегін және ақылы вакциналар тізімі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus