Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-дегі жүлдесінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатында күміс жүлде иеленгеннен кейін 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді, деп хабарлайды Tengri Sport Халықаралық дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 жастағы қазақстандық әлем чемпионатының медалі арқасында рейтингте 15 сатыға жоғарылады.
Бакуде өткен турнирдің жартылай финалында ол Олимпиаданың қола жүлдегері әрі Жапониядан келген әлем чемпионы Рюдзю Нагаяманы жеңіп, шешуші белдесуде Әзірбайжан спортшысы Ахмад Юсифовқа есе жіберді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының осы салмақтағы тағы бір көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов небәрі 115-орында тұр.
Әлемнің үздік дзюдошыларының бірі Олимпиададағы жеңісінен кейін бір жарым жылға жуық уақыт үзіліс алып, Азия ойындарына баса назар аудару мақсатында әлем чемпионатына бармаған болатын.
Шерзод Давлатов деген кім?
Шерзод 2001 жылы 17 қарашада дүниеге келген және Алматыда өскен. Бес жасынан бастап дзюдомен айналысады, ал 2017 жылы кадеттер арасындағы Азия чемпионатын жеңіп, алғашқы ірі халықаралық табысына қол жеткізген.
2021 жылы Давлатов жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, енді марапаттарының қатарын ересектер арасындағы әлем чемпионатының күмісімен толықтырды.
Сондай-ақ оның қоржынында Гран-при кезеңдеріндегі бірнеше жеңіс бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Шерзодтың жариялаған жазбасы (@sherzad_davlatov)


Бұған дейін бокстан Қазақстан атынан шыққан әлем чемпионы Төрехан Сабырханның биі әлеуметтік желілерде кеңінен тараған еді.
20 миллион теңгеден: Спорт министрлігі шахматшылардың сыйақысына қатысты жағдайды түсіндірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus