Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Лионель Месси “Барселона“ сапында тағы ойнайды: мән-жайы

Америкалық "Интер Майами" клубының жұлдызды футболшысы Лионель Месси "Барселона" сапында қоштасу матчін өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Tengri Sport The Touchline-ға сілтеме жасап.
"Барселонаның" директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Тони Фрейша алдағы бір жарым жыл ішінде "Камп Ноу" стадионында Лионель Мессимен қоштасу рәсімі өтетінін айтты. Фрейшаның сөзінше, бұл ақпарат расталған.

"Бір жарым жыл ішінде "Барселона" "Камп Ноуда" Лео Мессимен қоштасу рәсімін өткізеді. Бұл мәселе нақты шешілді", - деп келтіреді Тони Фрейшаның сөзін The Touchline.


????????️ ????????????: Тони Фрейша ("Барсаның" бұрынғы басқарма мүшесі): "Бір жарым жылдың ішінде "Камп Ноу" стадионында Лео Мессимен "Барселонаның" ҚОШТАСУ рәсімі болады". "Бұл ақпарат расталды". https://t.co/ollW0eZjhn
— The Touchline | ???? (@TouchlineX) 12 қазан, 2026 жыл
Еске сала кетейік, 2021 жылы Месси "Барселонамен" толыққанды қоштасу матчін өткізе алмаған еді. Клубтың ауыр қаржылық жағдайына байланысты аңыз ойыншымен келісімшарт ұзартылмай, аргентиналық шабуылшы ПСЖ-ға ауысуға мәжбүр болған.
Ол кезде қоштасу рәсімі эмоционалды баспасөз мәслихаты түрінде өтіп, Месси көз жасына ерік берген. Футболшы бос залда емес, лық толы стадион қошеметімен кеткенді армандағанын бірнеше рет айтқан еді.

Лионель #Месси "Барселонадан" кетер алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында көз жасына ие бола алмады https://t.co/MqEAHs67EJ https://t.co/pQsKFnB4mh
— The National (@TheNationalNews) 8 тамыз, 2021 жыл
Месси – "Барселона" аңызы
Лионель Месси Барселонаға 13 жасында Аргентинаның Росарио қаласынан келген. Ол "Ла Масия" академиясында өсіп, тарихтағы ең ұлы футболшылардың біріне айналды. Негізгі құрамдағы дебюті 2004 жылы өтті, содан бері Месси клубтың символына айналды.
"Барселонада" өткізген 17 маусымда ол 778 матчке қатысып, 672 гол соқты – бұл клубтың абсолют рекордтары. Месси "көк-анар түстілермен" бірге Испанияның 10 чемпионатын, 7 Король кубогін, 8 Испания Суперкубогін, 4 Чемпиондар лигасын, 3 УЕФА Суперкубогін және 3 клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Лионель Месси Аргентина құрамасымен қоштасып, мансабын аяқтады
“Мәңгілік тарих“: Роналду Мессиге үндеу жасады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus