Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақша есептен шығарылды, бірақ сапар жасалған жоқ: қазақстандық Яндекс Go-дағы ақауға шағымданды

Өткен демалыс күндері қазақстандықтар Яндекс Go жұмысындағы ақауға тап болды. Кейбір пайдаланушылардан жасалмаған сапар үшін ақша ұсталған. Бір жағдайда есептен шығарылған сома 20 мың теңгеден асқан. Не болғаны және "Яндекс" өкілдері бұл жағдайға қандай түсініктеме бергені туралы Tengrinews.kz материалында.
Тапсырыстар тоқтатылмады, ал ақша есептен шығарылды: қазақстандық қыздың оқиғасы
Tengrinews.kz редакциясына хабарласқан қазақстандық қыз Яндекс Go-дағы ақау салдарынан оның картасынан жасалмаған сапарлар үшін 23 мың теңгеден аса қаражат ұсталғанын айтты.
Қыздың айтуынша, ол Астана маңындағы атқорада болып, такси шақырмақ болған. Қосымша машинаны ұзақ іздеген. Кейін тапсырыстар саны арта бастаған.
Бірақ тапсырыстарды тоқтату мүмкін болмаған – жүйе қателік туралы хабарлама шығарып тұрған.
Скриншоттарды оқырман жолдады
Нәтижесінде ол Бахрейнде жүрген күйеуінен өзінің аккаунты арқылы такси шақырып беруін өтінген.

"Атқорадан шықсам, сегіз машина тұр, бәрі күтіп тұр. Мен бұлардың "Яндекс" мен үшін іздеген машиналар екенін түсіндім", – деді ол.

Қыз үйіне қайтып бара жатқанда, оған жүргізушілер қоңырау шала бастаған.
Скриншоттарды оқырман жолдады
Көп ұзамай картадан бірнеше тапсырыс үшін ақша ұсталған. Оның айтуынша, кейін сапарлар мен ақылы күту уақыты үшін де есептен ақша шығарыла берген.
Скриншоттарды оқырман жолдады
Сұхбат беруші көліктер оған келе жатқанын көріп тұрса да, қосымша арқылы тапсырыстарды тоқтата алмағанын және жүргізушілермен байланыса алмағанын атап өтті.
Қазақстандық қыз қолдау қызметіне хабарласпақ болған, бірақ жедел көмек ала алмағанын айтады. Instagram-дағы жеке хабарламаларда оған ақау туралы білетіндерін айтып, жағдайды реттеуге уәде берген, алайда редакцияға хабарласқан сәтке дейін ақшасы қайтарылмаған.

"20 мың теңгеден аса сома 500 теңге емес қой. Мен оны жай ұмыта алмаймын. Күйеуім маған ақшаны азық-түлік алуым үшін жібереді. Менің қаржылық қорым шексіз емес", – деп түсіндірді қыз.

Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі осы оқиға туралы жазбаларының астына басқа қолданушылар да ұқсас мәселелер туралы жазған.
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар "Яндекс" қосымшасындағы ақша ұстау фактілері туралы скриншоттарды бөлісіп жатыр.
Threads әлеуметтік желісінен скриншот
"Яндекс" қолданушылардың шағымдарына не деп жауап берді?
"Яндекс" баспасөз қызметі сервистер жұмысы біртіндеп қалпына келіп жатқанын хабарлады. Олардың көпшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Дегенмен, компания кейбір функцияларда әлі де қателік болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Бүгін серіктес таксопарктерге барлық төлем әдеттегідей автоматты түрде жүргізілді. Жүргізушілерге арналған лездік төлемдер қолжетімді. Кейбір төлемдер әзірге қатемен немесе кешігумен өтуі мүмкін, біз оларды бірінші кезекте жоюға тырысып жатырмыз. Сондай-ақ тапсырыстарды төлеу кезіндегі қателіктерге байланысты пайдаланушылардың өтініштерін көріп отырмыз. Қаражат қате ұсталған барлық жағдай міндетті түрде қаралады. Қолдау қызметіне түсетін жүктеменің артуына байланысты мұндай жағдайларды шешу әдеттегіден көп уақыт алуы мүмкін", – деп жауап берді компанияның баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының сауалына.

Онда қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқаны және қазіргі басымдық – пайдаланушылар, жүргізушілер, курьерлер мен серіктестер үшін төлемдер мен қолдау құралдарының тұрақтылығы екені атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда такси мен курьерлерге арналған "Яндекс" сервистері жұмыс істемей қалғанын жазған болатынбыз. Ресейлік БАҚ мәліметінше, ұшқышсыз ұшу аппараттары компанияның Владимирдегі, Рязань облысындағы және Калугадағы деректер орталығы инфрақұрылымына шабуыл жасаған. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus