Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Басына қап кигізіп алып шыққан: Алматыда 61 жастағы ер адамның өлімі тергеліп жатыр

Алматыда 61 жастағы ер адамды өлтірді және оның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Үй тұрғындары не дейді?
Бұған дейін редакцияға Алматыдағы үйлердің бірінің тұрғындары хабарласқан болатын. Олардың айтуынша, 30 қыркүйекке қараған түні бейнебақылау камералары белгісіз біреудің подъезден басына қап кигізілген ес-түссіз ер адамды алып шыққанын тіркеген.
Көршілердің айтуынша, бұдан сәл уақыт бұрын подъезде бейтаныс адамдар көрінген, ал 29 қыркүйекте біреулер пошта жәшігінің кілтін ұрлап кеткен көрінеді. Оқырмандардың сөзіне қарағанда, кейінірек олар ер адамның пәтері басқа біреудің атына қайта рәсімделіп, сатылып кеткенін білген.
Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу ерекше бақылауға алынды
Алматы қаласының полиция департаменті 61 жастағы алматылықты өлтіру дерегі бойынша төрт адамның ұсталғанын хабарлады.

"Тергеу барысында қылмыс жағдайлары, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды", - делінген хабарламада.

Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеумен Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы айналысып жатыр. Тергеу барысы ІІМ-нің ерекше бақылауында.Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus