Астанада күн ашық болады, Алматыда жаңбыр жауады: 11-13 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты. Елордада негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, күндізгі температура +17 градусқа дейін жетеді. Алматыда басында күн жылы болып, кейін найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, ауа температурасы 17 градус жылыға дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана
11 қазанда күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +13…+15 градус.
12 қазанда да күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +4…+6 градус, күндіз +15…+17 градус.
13 қазанда - күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +3…+5 градус, күндіз +13…+15 градус.
Алматы
11 қазанда күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус жылы, күндіз +20…+22 градус.
12 қазанда да күн райы құбылмалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +20…+22 градус.
13 қазанда - күн райы құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +17…+19 градус.