Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Саят Исанов Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанда Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Президенттің жарлығымен 2022 жылғы қаңтарда құрылды.

Арнайы операциялар күштері елдің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында арнайы тапсырмаларды орындауға арналған. Оның ішінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу және заңсыз қарулы құрылымдарға қарсы іс-қимыл жасау міндеттері бар. Қорғаныс министрлігі күштер мен құралдардың құрамын, олардың міндеттері мен қолбасшылық функцияларын айқындады.

2024 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қазанға дейін Қазақстанның Арнайы операциялар күштерін Айдос Мырзахметов басқарды. 27 қыркүйекте ол қорғаныс министрі болып тағайындалды. Айдос Мырзахметов бұл қызметте Мемлекет басшысы лауазымынан босатқан Дәурен Қосановтың орнына келді.

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйістер және қылмыстық істер

3 қазанда Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіровті, қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Жұмакеевті және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбековті қызметінен босатты.

Кейін Қанат Ниязбеков Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс аясында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін оның бірінші орынбасары да тергеуге алынған болатын.

Бір күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз тапсырмасымен құрылған Қорғаныс министрлігінің жұмысын жан-жақты тексеру жөніндегі комиссия мүшелерімен кеңес өткізді.

Тексерудің алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствосына қарасты ұйымдар мен әскери бөлімдерде мемлекеттік мүлікті жымқыруы мүмкін деген күдік, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану және өзге де заңбұзушылықтар бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, әскери тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында кемшіліктер анықталды. Әскерилер арасындағы жарғыға қайшы қарым-қатынас пен әскери қызметшілерге күш көрсету деректері де тіркелді. Бұл оқиғалар бойынша да қылмыстық істер қозғалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus