Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр, тұман және жел. 8 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бейсенбі, 8 қазанда Қазақстанның көптеген қаласында жаңбырлы және желді ауа райы күтіледі. Солтүстік және орталық аймақтарда желдің екпіні кей жерлерде секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы елдің солтүстігінде 8–10 градустан, оңтүстігі мен батысында 22–24 градус жылыға дейін көтеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.

Алматы – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс бағытынан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.

Шымкент – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Түркістан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Қонаев – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс бағытынан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Қызылорда – аздап бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Талдықорған – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Тараз – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Ақтау – ауыспалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Ақтөбе – ауыспалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.

Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Орал – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.

Қарағанды – ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 9-11 градус жылы.

Жезқазған – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.

Көкшетау – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.

Қостанай – бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.

Павлодар – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.

Семей – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.

Өскемен – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда +27 градусқа дейін жылы болады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus