Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Чимаев титулдық жекпе-жек үшін UFC чемпионына миллион доллар төлемек

UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, Біріккен Араб Әмірліктері атынан шығатын шешен файтері Хамзат Чимаев титул иегері Шон Стриклендті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Хамзат Чимаев әлеуметтік желідегі парақшасында UFC-дің орта салмақтағы қазіргі чемпионы, америкалық файтер Шон Стриклендті айқасқа шақырды.
Сенімді болу үшін шешен файтері титул иегеріне өз атынан бір миллион доллар сыйақы ұсынды. Стрикленд бұл шақыртуға әзірге жауап берген жоқ.

"Стрикленд, мен саған 1 миллион төлеймін. Маған орналасқан жеріңді жібер, төбелесейік, маған бәрібір - октагон ішінде ме, әлде сыртында ма", - деп жазды Чимаев әлеуметтік желіде.


Стрикленд, мен саған 1 ???? төлеймін. Локация жібер, төбелесейік, тордың іші ме, сырты ма маңызды емес ????
— Khamzat Chimaev (@KChimaev)5 қазан, 2026
Чимаев Стриклендтен жеңіліп қалған
Еске сала кетейік, Хамзат Чимаев орта салмақта UFC чемпионы болған, кейін оның белбеуін америкалық Шон Стрикленд тартып алды. Бұл оқиға 10 мамырда Ньюарк қаласындағы (Нью-Джерси штаты, АҚШ) аренада өткен UFC 328 турнирінде болды.
Бірінші кезеңде Чимаев тез арада тейкдаун жасап, бес минут бойы Стриклендті бақылауда ұстады. Алайда келесі раундтарда "Борз" көпшілік күткеніне қарамастан, күреске бармай, америкалықпен тік тұрып айқасты.
Бұл Стриклендтің өзін де таңғалдырды, ол жекпе-жек бойы аяққа өту мен партерге түсіруді күтіп, жекелеген соққылар бағыттап, қашықтықты сақтады. Бірақ көрермендер Чимаевтан партердегі басымдықты көре алмады, ал Стрикленд оны тік тұрған қалыпта соққылармен басып түсіп, эпизодтарды өз пайдасына шешті. Нәтижесінде төрешілер оған жеңісті бөлек шешіммен берді.

Төрешілердің екіжақты шешімімен! ???????????? @SStricklandMMA #UFC328 басты оқиғасында Хамзат Чимаевты жеңді! https://t.co/2yhlEpXQdh
— UFC Canada (@UFC_CA) 10 мамыр, 2026 жыл
Турнирге дейін қос спортшы арасындағы келіспеушіліктерге қарамастан, жекпе-жектен кейін олар бір-біріне ілтипат көрсетті. Стрикленд артық кеткен сөздері үшін кешірім сұраса, Чимаев шешім жарияланғаннан кейін америкалықтың беліне чемпиондық белбеуді тағып берді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Шон Стриклендтің жарияланымы (@stricklandmma)


Бұл айқастан кейін екі файтер де UFC-де кездесу өткізбеді. Дегенмен Хамзат Чимаев RAF промоушенінде күрес бойынша белдесу өткізді. Оның қарсыласы UFC-дің бұрынғы файтері, бразилиялық Гилберт Бернс болды.
Чимаев бастан-аяқ басымдық танытты: бірінші кезеңде ол аяқтан шалу және аударып түсіру арқылы жылдам ұпай жинап, 11–2 есебімен алға шықты, Бернс тек бір тейкдаунмен жауап қатты.
Екінші кезеңде Бернс реверс жасап, есеп 11–4 болды, бірақ кейін Чимаев екі аяқтан алып, төрт ұпайлық әдіс жасады. Бернс командасының челленджінен кейін төрешілер шешімі өзгеріссіз қалды, сөйтіп есеп 15–4 болғанда матч тоқтатылып, Чимаевтың мерзімінен бұрын жеңісі тіркелді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек спортшылар арасындағы қарымта кездесу болды. Бұған дейін олар 2022 жылы UFC-де жұдырықтасқан. Ол кезде жеңіс Чимаевқа беріліп, бұл шешім көптеген сұрақ пен пікірталас тудырды.

UFC басшысы ұйымның нақты құнын атады
“Дивизионның басты қожайыны“: Шавкат Рахманов UFC-де маңызды қарсыластан шақырту алды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus