Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды: ол туралы не белгілі?

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқаннан кейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді. Ол туралы не белгілі және бұған дейін қандай мәлімдемелер жасаған - Tengrinews.kz материалында.
Ұстау және қамауға алу туралы ақпаратты Tengrinews.kz редакциясына Ішкі істер министрлігі растады. Өткен сенбіде Ниязбеков, сондай-ақ қорғаныс министрінің екі орынбасары қызметінен босатылған еді.
Қанат Ниязбеков туралы не белгілі?
Қанат Ниязбеков Семей облысының (қазіргі Абай облысы) Аягөз қаласында дүниеге келген.
Ол Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатын, Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін (Ф.Ф. Ушаков атындағы Балтық әскери-теңіз институты) және Санкт-Петербургтегі Н.Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын бітірген.
Ниязбеков әскери қызметін Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде күзет кемесі командирінің көмекшісі болып бастаған. Кейіннен Қазақстан ӘТК Бас штабының бастығы - бас қолбасшының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
2025 жылғы тамызда Қанат Ниязбеков Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
Каспийдегі трагедия: ӘТК басшысы не айтқан еді?
24 қыркүйекте Каспийдегі қайғылы оқиға 14 әскери қызметшінің өмірін қиды. Ауа райының нашарлауы мен қатты жел салдарынан оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 17 әскери қызметші суға ағып кетті. Іздестіру-құтқару операциясы 25 қыркүйекте аяқталды. 14 адам қаза тауып, үш адам құтқарылды.

Жағдайға қатысты пікір білдерген Ниязбеков трагедияның "ауа райы жағдайлары мен толқынның күшеюінен" болғанын хабарлады. Мұндай жаттығуларды өткізу кезінде ауа райы ескеріле ме деген нақтылаушы сұраққа бас қолбасшы: "Жалпы ескеріледі", - деп қысқа қайырды.
Ал әскери қызметшілерде құтқару кеудешелері болды ма деген сұраққа Қанат Ниязбеков: "Болуы тиіс. Қазір біз мұны анықтап жатырмыз", - деп жауап берді.
"Теңізшілер - бұл романтика"
Трагедиядан жарты жыл бұрын Қанат Ниязбеков 24KZ телеарнасына сұхбат берген болатын. Қазақстанның Әскери-теңіз күштері үшін кадрлық әлеует пен мамандарды даярлау туралы сұраққа ол "теңізшілер - бұл романтика" деп жауап берген.


"Теңізшілер - бұл романтика. Біз өз кадрларымызды түрлі жоғары оқу орындарында даярлаймыз. Ең алдымен өз еліміздің ЖОО-ларында, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында әскери-теңіз кафедрамыз бар (...) Сондай-ақ Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Әзербайжан, Ресей Федерациясы және басқа да шет елдерде дайындаймыз", - деді ол.

Сол сұхбатында Ниязбеков Әскери-теңіз күштерін дамытудың басымдықтары туралы да айтқан. Олардың қатарында ол кадрларды даярлауды, ӘТК-ні дамытуды және Каспий теңізіндегі Қазақстанның теңіз шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атады.
"Өміршеңдік үшін күрес"
Сондай-ақ, Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болған кезде Ниязбеков онлайн-брифингтерге шығып тұрған.
Брифингтердің бірінде әскери қызметшілерді даярлау туралы айта келе, Ниязбеков оның ӘТК оқу орталығынан басталатынын, онда жеке құрам теориялық және практикалық дайындықтан, соның ішінде өміршеңдік үшін күрес жаттығуларынан өтетінін айтқан.

"Бастапқыда жауынгерлік шеберлік жағалауда қалыптасады. Әскери-теңіз күштерінің құрамында оқу орталығы бар, оның базасында барлық практикалық іс-қимыл пысықталады және теориялық оқыту жүргізіледі. Оқу орталығының құрамында өміршеңдік үшін күрес бойынша жаттығу станциялары бар, онда жүзу құрамы білім алады", - деген еді ол.

Содан кейін дағдылар тікелей кемелерде және теңіздегі оқу-жаттығулар кезінде шыңдалады, деп толықтырды ол.
Еске салайық: 25 қыркүйекте Бас прокуратура Каспийдегі трагедияны тергеудің алғашқы нәтижелері туралы хабарлаған болатын. Тергеу күдікті тұлғаларды анықтады. Сол күні жоғары лауазымды басшылар Каспийдегі қайғылы оқиға ісі бойынша қызметтен кетті.
3 қазанда Қанат Ниязбеков Қазақстан ӘТК басшысы лауазымынан шеттетілді. Ал 6 қазанда оның қамауға алынғаны белгілі болды.

"ІІМ әскери-тергеу бөлінісі Каспий теңізіндегі жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында, қызметіне салғырт қарағаны үшін Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі уақытта трагедияны тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus