Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астаналықтар балалар реанимациясының қабырғаларын тегін безендіріп, Қазнетті тәнті етті

Астанада еріктілер ауруханалар біріндегі реанимация бөлімінің қабырғаларын түрлі-түсті суреттермен тегін безендірді. Олар бірнеше палатаны жайлы етіп, кішкентай пациенттердің қиын кезеңін аз да болса жеңілдетуді мақсат етті.
Бір жазбадан туындаған идея
Еріктілердің бірі – 25 жастағы Ақсұлу Бөкекова. Қыз медициналық университетте білім алып, анестезиология бойынша резидентурадан өтіп жатыр.
"Бір апта бұрын мен UMC қызметкерінің балаларға жайлылық сыйлап, оларды қорқыныштан арылтқысы келетіні және қайырымдылықпен айналысқысы келетін еріктілерді іздеп жатқаны туралы жазбасын көрдім. Мен бірден көмектесуге қуанышты екенімді жаздым", - деді Ақсұлу Бөкекова.
Скриншот: Threads
Қыз бұл оқиға өзі үшін маңызы зор екенін айтады. Бір жағынан, ол сурет салғанды ұнатса, екінші жағынан - өз мамандығының арқасында балалар мен ата-аналар үшін жансақтау бөлімінде болу кезеңін бастан өткерудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінеді.

"Олар үшін осы қиын кезеңді аз да болса жеңілдетіп, аурухана қабырғалары суық әрі қорқынышты болып көрінбеуін қаладық. Бұл суреттер оларды үрейден, ауырсынудан және аурухана ортасынан бір сәтке болсын сейілтсе деймін. Осындай жердің өзінде балалық шақтың шуағы, ашық түстер мен жылулық қалса екен", - деді қыз.

Жансақтау бөлімінде қалай сурет салды?
Ақсұлу - өздігінен үйренген суретші. Оның сурет салумен айналысқанына жеті жылға жуық уақыт болды, бүгінде бұл іс оның негізгі жұмысына айналды.
Бұл бастамаға бірнеше ерікті де қосылды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы шамамен сегіз-тоғыз адам жиналған.
Фотоны кейіпкер ұсынды
Қатысушылар Ана мен бала орталығындағы қабырғаларды өзара бөліп алып, кім нені салатынын келісті. Команда барлық жұмысқа шамамен екі-үш күн жұмсады.
Осылайша жансақтау бөлімінің біртекті қабырғаларының орнына ашық түсті суреттер салынды. Бұл балалардың аурухана ортасынан сәл де болса серпіліп, уақытын жайлырақ жағдайда өткізуіне септігін тигізеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus